Ақпан Дінмұхаммед Жұлдызбайұлы

Ақпан Дінмұхаммед

АҚПАН ДІНМҰХАММЕД ЖҰЛДЫЗБАЙҰЛЫ- Үш тілде оқытатын сыныптары бар дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Мұрагер” мектебінің түлегі

——————————-

🔥 2016-2017 оқу жылында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде әдебиет секциясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері

* * * * * * * * * * * * * *

🔥 2016-2017 оқу жылында 3-10 ақпан аралығында Оңтүстік Корея елінің Дэджон қаласында өткен «Молодой ученый» халықаралық ғылыми жоба конкурсы ның ІІ орын иегері

* * * * * * * * * * * * * *

🔥 2016-2017 оқу жылының 20-22 маусым аралығында Астана қаласында өткен оқушылар арасындағы транспорт саласындағы үздік жоба байқауына облысымыздан 4 оқушы қатысса, соның бірі Дінмұхаммед Жұлдызбайұлы Қазақстан Республикасының «Физика, Математика, Инжинерия» ұлттық командасына енді. Ұлттық командаға енген Дінмұхаммед 6-13 тамыз аралығында Лондон қаласында өткен оқу-әдістемелік семинарына қатыстырылды.

* * * * * * * * * * * * * *

🔥 2017-2018 оку жылында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде математика секциясы бойынша І дәрежелі диплом иегері

* * * * * * * * * * * * * *

🔥 2017-2018 оқу жылында 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде математика секциясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, сонымен қатар Қазақ-Британ университетінің білім грантына қол жеткізді

* * * * * * * * * * * * * *

🔥 2017-2018 оқу жылының 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінің Дэджон қаласында өткізілген «Молодой ученый» халықаралық ғылыми жоба конкурсының І орын иегері

* * * * * * * * * * * * * *

🔥 Екі жыл қатарынан облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевпен кездесуге шақырылып, “Сыр Дарыны” медалімен марапатталған.

💥 Дінмұхаммед Жұлдызбайұлы биыл жас түлек атанып,үлкен өмірге аяқ басқалы отыр. Дарынды шәкіртімізге алдағы өміріне сәттілік тілей отырып, қанатың талмасын, білімнің биігінен көрініп, тек ата-ананың ғана емес,ел үмітін ақтар асыл азамат болуына тілек білдіреміз!