Республикалық Ілияс оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы

2019 жылғы 15 сәуір күні Қызылорда қаласындағы “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының базасыда республикалық Ілияс оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. 

Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының мақсаттары мен міндеттері:

– жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;

– жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

– оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;

– жас ақындарға әлеуметтік- рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

І орын иегері:

  • Нұрадин Аружан – Жалағаш ауданы, №118 мектеп, 10 сынып

ІІ орын иегерлері:

  • Арықбай Жансая – Қармақшы ауданы, №274 мектеп, 11 сынып
  • Кенжебаева Ақбота – Шиелі ауданы, №219 мектеп, 8 сынып

ІІІ орын иегері:

  • Зиадин Нұрай – Қызылорда қаласы, №7 мектеп, 7 сынып