Біздің айналамыздағы экономика» облыстық экономикалық ойындар

Жалпы ереже

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын Қызылорда облысында жүзеге асыру мақсатында құрылған «Кіші бағдарлама «Тәрбие және білім»» іс-шара жоспарының «Біздің айналамыздағы экономика» экономикалық ойындарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі- Экономикалық ойын).

1.2. Экономикалық ойынды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Экономикалық ойынның мақсаты мен міндеттері:

– Оқушылардың экономикалық білімдерін жетілдіру;

– Жас жеткіншектердің қаржылық сауаттылық пен экономикалық базалық деңгейін қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру;

– Экономика саласында дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және құрбы-құрдастарының арасында экономикалық білімді кеңінен насихаттау;

– Жас дарындардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, өзін-өзі дамыта отырып, шыңдауына қолдау білдіру.

Экономикалық ойынға қатысушылар

3.1. Ойынға жалпы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары, аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады.

3.2. Ойынға қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2019 жылдың 15мамырға дейін тапсырады.  Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны толық көрсетілуі қажет.

3.3.Ұйымдастыру комитетінің мекен- жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, №2. Тел/факс: 8(7242) 26-30-71, е-mail: kosymsha.bilim.bery@mail.ru

Ойынды өткізу тәртібі мен шарттары

4.1. Ойын 2 кезеңде өткізіледі:

1-кезең – қалалық, аудандық – 10 мамырына дейін;

2-кезең–облыстық кезең – а.ж. 21 мамыр күні №9 мектеп-гимназия базасында өткізіледі.

4.2. Ойын 3 кезеңнен тұрады:

І кезең:

«Өз бизнесімізді бастаймыз»   презентация таныстыру

ІІ кезең:

«Бизнес жоспар» қорғау

ІІІ кезең:

«Тапқыр болсан, озып көр» сұрақтар мен есептер шығару

Қазылар алқасы және марапаттау

5.1. Қазылар алқасының мүшелері топтарды 10 балдық жүйе бойынша бағалайды.

5.2. Экономикалық ойынның қорытындысы бойынша жүлдегерлер облыстық білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диломдарымен марапатталып қана қоймай, сонымен қатар бағалы сыйлықтар да беріледі деп күтілуде.

Экономикалық ойынға қатысу туралы өтінімнің үлгісі

Оқушының аты-жөні

Ауданы

Мектебі (ауыл, № лицей, гимназия)

Сыныбы

Кезең атауы

Дайындаған пән мұғалімінің аты-жөні, байланыс нөмірі, почтасы

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

        Жетекшісі: (аты-жөні, нөмірі)

(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады.)

Translate/Перевести/Аудару