Минас Дулат Болатұлы

Минас Дулат

Минас Дулат Болатұлы- №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

? 2016-2017 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде биология пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері

? 2016-2017 оқу жылының 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде биология пәні бойынша қола медаль иегері

? 2017-2018 оқу жылында өткен Республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом иегері

? 2017-2018 оқу жылында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде биология пәні бойынша І дәрежелі диплом иегері

?Екі жыл қатарынан облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевпен өткізілетін дәстүрлі кездесуге шақырту алып, “Сыр Дарыны” медалімен марапатталған.

? 2017-2018 оқу жылының 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде биология пәні бойынша қола жүлде иегері

? Дулат Болатұлы тағы бір оқу жылын үздік аяқтап отыр! 25 мамыр “Соңғы қоңырау” мерекесімен құттықтай отырып,дарынды шәкіртімізге сын сағаттардан сүрінбей өтер қажырлық, деніне саулық тілейміз! Білім көкжиегінде ойып тұрып орын алар ардақты перзент,туған елдің жанашыры болуына тілекшіміз!
Ата-анасына,ұстаздарына зор ризашылығымызды білдіреміз!
#сырдарыны #дарындыбалаларменжұмыстардыұйымдастырубөлімі