Аппазов Алмас Ақланұлы

Аппазов Алмас

Аппазов Алмас Ақланұлы- №3 мектеп-лицейінің түлегі

? 2016-2017 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері

? 2016-2017 оқу жылының 25-28 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткізілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша қола жүлде иегері

? 2016-2017 оқу жылында облыстық «Эрудит» интеллектуалды білім сайысында ІІІ дәрежелі диплом иегері

? 2016-2017 оқу жылында Жоғары сынып оқушылары арасында экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом иегері

? 2016-2017 оқу жылының 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Жоғары сынып оқушылары арасындағы экономикадан республикалық турнирдің қорытынды кезеңінде «Лучший игрок» номинация иегері

? 2017-2018 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері

? 2017-2018 оқу жылының 25-30 наурызы аралығында Қостанай қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша алтын медаль иегері

? Тынбай, талмай еткен еңбегінің арқасында екі жыл қатарынан облыс әкімімен кездесуге қатысып, “Сыр Дарыны” медалімен марапатталған

? Алмас Ақланұлы биыл ыстық ұясы мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге аяқ басқалы отыр. Қадамың сәтті болып, қанатың талмасын! Биіктерді бағындырып, облысымыздың көркеюіне өз үлесін тигізер білімді ұл, білікті маман болуыңа тілек білдіреміз!
Ата-анасына,ұстаздарына алғыс білдіре отырып,еңбектеріне табыс тілейміз!