Өскеменде студенттер арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өтті

Осымен 11-ші рет ұйымдастырылған білім сайысына барлығы 25 команда қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Болашақ филологтар екі күнде эссе жазып, ауызша және тест сұрақтарына жауап берді. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Ереже бойынша, жеңіске жеткен команда келесі жылы сайысты өз университеттерінде ұйымдастырады. Өскемендік студенттер былтыр Алматыға барып бірінші орынды қанжығаларына байлап қайтқан болатын. Олимпиада кезінде студенттермен келген жетекшілер үшін де түрлі семинарлар өткізіледі.

Айгүл Әсетқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті:

– Ғылым кандидаттары, докторлары келді. Солардың арасында семинар өтеді. Біздің университеттің әдебиетші ғалымдары осы өлкеге қатысты осы өңірде болып жатқан тілдік ахуалды таныстырып, ғылыми бағыты айқындалады. Сол семинарда біз бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.

Дереккөз: ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕАРНАСЫ