Түркістанда цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» форумы өтеді

Түркістанда облысты цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» Форумын өткізу жоспарланып отыр. Айтулы шара 3 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Іс-шарада Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов пен өзге де қонақтар сөз сөйлейді деп күтілуде. Форумға ақылды қалаларға арналған бағдарламалық қамсыздандыру шешімдері мен құрылғыларды жеткізушілер, ЖОО-лар, ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті бизнес-қауымдастығы, облыс, қала және аудан әкімдіктерінің басқармалары мен бөлімдері, сонымен бірге Түркістан облысының тұрғындары қатысады деп күтілуде. «Smart Turkistan» форумында цифрландыру бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасы, қызмет көрсету үлгісі, мемлекеттік-жеке серіктестік және т.б. өзара қарым-қатынастың тиімді үлгісі ретінде Vendor Management Office (VMO) арқылы АКТ – шешімдерді жеткізушілермен жұмыс істеудің ашықтығын енгізу таныстырылады. Одан басқа, Қазақстанда алғашқы рет мемлекетті басқаруда адамға бағдарланған тәсілді енгізу бойынша жаңа үлгі көрсетілмек. Сонымен бірге, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік бағыт; көлік және қауіпсіздік; урбанистика, мәдениет, дін және туризм; мемлекеттік басқару, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы; ақпараттық технологиялар мен телебайланыстар және басқа да тақырыптар бойынша пікірталастар өткізіледі. Мамандар «Smart Turkistan» форумы облыс алдында тұрған міндеттер мен жоспарларды анықтауға, Түркістан облысының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылауға және күрделі аймақты жоюға мүмкіндік беретінін айтады. «Smart Turkistan» форумына арнайы сайтта тіркелуге болады.

Дереккөз: КазИнформ

Translate/Перевести/Аудару