БИЫЛ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУҒА БЮДЖЕТТЕН 3 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Биыл Жастар жылына орай жас ғалымдарды қолдауға бюджеттен 3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездескен Мәжіліс депутаттары айтты.

Олар жастардың ғылыммен айналысуына, аграрлық саланы қолдауға барынша ықпал жасайтындарын жеткізді. Халық қалаулылары ауылды көркейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың әлі де шикі тұстары көп екеніне тоқталды. Мәселені тиімді шешу жолдарын жастармен бірге талқылап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Талап-тілектерді жазбаша түрде тиісті органдарға жолдайтындықтарын айтты.

Ал, жалпы аграрлық университетте ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қолдау артқан. Мәселен, биыл құны 1,9 миллиард теңге болатын 2 жаңа инновациялық орталық және 2 зертхана ашылмақ. Сондай-ақ, 450 орындық су жаңа «Студенттер үйін» салу жоспарланып отыр.

 

Дереккөз: Қазақстан телеарнасы