Студенттерге арналған электрондық қызмет көрсету орталығы ашылды

Жаһандану дәуірінің көшінен қалмау – уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Адам капиталын жақсартуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің колледждің базасында студенттерге арналған электронды қызмет көрсету орталығы  ашылды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов және Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е. Садырқұлов қатысты.

Орталықтың негізгі мақсаты: студенттерді сергелдеңге салдырмауэлектрондық форматта қызмет көрсетуге көшу жолымен оқу қызметінің процестерін ұйымдастыруды оңтайландыру; халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру; әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттік органдардың қызметіне халықтың сенімін арттыру.

Автоматтандырылған қызмет көрсету орталығында колледж қызметкерлері мен студенттер «egov.kz» жүйесінен алынатын анықтама және басқа  құжаттарын бұрынғыша уақыт жоғалтып сандалмай, осы жерден керегінше қағаз немесе  электронды түрде лезде ала алады.

Басқосуға арнайы шақырылған қонақтар автоматтандырылған қызметтермен танысып болған соң  колледж жатақханасымен және жылыжай жұмысымен танысып кәсіби білім беретін ұжым қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Қазіргі таңда колледж мамандары мен студенттер электрондық орталық қызметін кеңінен пайдалануда.

Дереккөз: Білімді ел

Translate/Перевести/Аудару