Жазғы демалыс қауіпсіз болуы қажет

12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні. Осыған орай аймақта 1-12 маусым аралығында “Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова мәлімдеді.

Науқанның басты мақсаты – бала еңбегін қанаудың алдын алу үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүр­гізу. Осыған орай, барлық білім беру ұйымдарында құ­қық­тық сағаттар, дәрістер, тре­нинг­тер мен әртүрлі сайыстар өткізіледі. Науқан аясында кә­мелетке толмағандарды мез­гілдік уақытша жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңке өткізуді ұйымдастыру, оларға арналған жұмыс орындарын анықтау және жазғы маусымда уақытша жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды үйлестіру мен ата-аналарға, балаларға түсіндірме жұмыстарын жүр­гізу үшін облыстық полиция департаменті, еңбек сала­сын­дағы бақылау басқармасы жә­не жастар саясаты мәселелер басқармасы мен ҮЕҰ бірлесе отырып кең ауқымды рейдтік жұмыстар жүргізбек.

– Бұл науқанды маусым айында жүргізудің бірден-бір себебі – жазғы демалыс­та балалардың еңбек құқық­тарының бұзылуына жол бермеу. Осыған сәйкес, арнайы жоспар қабылданды, 12 күн бойына бірнеше әлеуметтік жобалар жүзеге асатын болады, – деді басқарма басшысы.

Ал, 1 маусым – Халық­аралық балаларды қорғау кү­ніне орай 25 мамыр-15 мау­сым аралығында “Нұрлы бо­­­ла­­­­шақ” республикалық ак­­ция­­­сы шеңберінде балалар мен жастардың музы­калық ор­кестрлері мен ан­самбль­дерінің шеруі өтеді. Барлық облыста бір уақытта өтетін шеруге 8760 оқушы мен студент қатыспақ. Сонымен қатар, осы күннен бастап жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында сауықтыру, тынығу лагерьлері өз жұмыстарын бастайды. Биыл облыс бойынша 1-10 сы­нып аралығында 147750 ба­ла болса, оның 98 проценті жазғы тынығудың түрлерімен қамтылатын болады. “Рухани жаңғыру” бағ­дарламасы аясында мектеп туризмін жан­дандыру бойынша 20000 ба­ла аймақтағы киелі тарихи, мә­де­ни орындарға сая­хаттамақ.

Санаулы күндерден соң ҰБТ басталады. Оған қатысуға 4143 түлек  өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 процентке артық.

– ҰБТ-ға дайындық жұмыс­тары жоспарға сәйкес жүруде. Бітірушілер жыл бойы “Талдысу”, “Қамбаш” ла­герьлерінде қосымша дайын­дық курстарынан өтті. Сынама тестілеу қорытындысы негізінде мамыр айында орташа балл 95,9 балды құрап отыр. Жоспар бойынша мектеп бітірушілердің 4662-сі – ЖОО, 1000-ы колледж­дерге түседі деп күтілуде. ҰБТ өткізудің форматы еш өз­геріссіз. Айта кету керек, Ре­сейдің 4 жоғары оқу орны­на түсуге 628 бітіруші емтихан тапсырды. Нәтижесі шілде айында белгілі болады, – деді басқарма басшысы М.Мелдебекова.

Жалпы  ҚР Білім және ғы­лым министрлігі биыл жоғары оқу орындарына  50985 мемле­кеттік грант бөліп отыр.

Бұдан бөлек, брифингте об­лыстық полиция депар­та­мен­тінің бөлімше басшысы Ма­нарбек Есжанов пен об­лыс­тық еңбек саласындағы бақылау басқармасының өкілі Нұрбек Жапақов сөз алып, ба­лалар құқығын қорғау мәсе­лесіне байланысты бір­қатар ақ­параттармен бөлісті.

Облыстық полиция депар­таментінің бөлімше басшысы Манарбек Есжанов облыс көлемінде кәмелетке толма­ғандар арасында орын алған қылмыс көрсеткіші 7 процентке төмендегенін айтып өтті. Соған сәйкес жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайларды бол­дырмау мақсатында түрлі про­филактикалық шаралар мен локальдық рейдтік жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 2000-ға жуық құқық бұзу­шы­­лық анықталып отыр. Оның ішін­де қаңғыбастыққа са­лынған 138 жас бейімдеу ор­та­лығына жіберілсе, түнгі уақытта өз бетінше жүрген 1500 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары мен  заңды өкілдері,  оған қоса бала тәрбиесімен айналыспағандары үшін 16 ата-ана әкімшілік жау­апкершілікке тартылған.

Жиын соңында баяндамашылар ата-аналарды жазғы демалыста балаларын қараусыз қалдырмауға шақырып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дереккөз: Сыр бойы