Қармақшы – Өлкетану үйірмесіне арналған әдістемелік өнімді дайындау жолдары

«Өлкетану үйірмесіне арналған әдістемелік өнімді дайындау жолдары» тақырыбында шеберлік алаңы өткізілді.
Облыстық білім басқармасы оқу орталығының ұйымдастыруымен Қармақшы аудандық оқушылар Үйінің базасында “Үйірмеге арналған оқу жоспары, оқу бағдарламасы мен әдістемелік құралды әзірлеу және әдістемелік тәжірибелермен бөлісу” тақырыбында шеберлік алаңы ұйымдастырылды. Өткізілген шеберлік алаңына оқушылар Үйі директорлары мен “Өлкетану” үйірмесінің жетекшілері қатысты.Бағдарлама бойынша
«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тәрбие және білім жобасын іске асыру» тақырыбы, «Қосымша білім беру- білім мазмұнын жаңартумен қатар, қосымша білімнің әдіс- тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру» тақырыбы, «Туристік-өлкетану бағытындағы үйірмелердің оқу- бағдарламасы, бағдарламаға негіз болған құжаттар, сабақ барысында 
пайдаланылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбтары қозғалып,
«Рухани қазына» өңірлік мәдениет дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау сағаты» өткізілді.

Translate/Перевести/Аудару