Қызылорда – БҮГІНГІ ОҚУШЫ-ЕРТЕҢГІ КӘСІБИ МАМАН

“БҮГІНГІ ОҚУШЫ-ЕРТЕҢГІ КӘСІБИ МАМАН” тақырыбында облыстық форум

Мемлекетіміздің 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру “Жолдауындағы 33-ші тармақты орындау, яғни 9-11сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, диагностикалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, сұранысқа ие мамандықтарға баулу, мамандық таңдау бағытындағы жұмыстарды насихаттау мақсатында, Қызылорда Облысының Білім Басқармасы Қызылорда Облыстық Оқу Орталығы мен Қызылорда Қаласының Білім Бөлімінің ұйымдастыруымен №2 “Мұрагер” мектебінің базасында “БҮГІНГІ ОҚУШЫ-ЕРТЕҢГІ КӘСІБИ МАМАН” тақырыбында облыстық форум өткізілді.

Форумға қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен аудан, қала мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, ЖОО оқытушылары, арнаулы оқу орындарының оқытушылары, облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, кәсіпкерлер қатыстырылды.
Аудандардан 50-ден аса мектептердің 9-11 сынып оқушылары форумға онлайн режимінде қатысты.
Форум жұмысы үш бағытта жүргізілді. ЖОО мен арнаулы оқу орындарының және қала мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларының көрме жұмыстарымен таныстыру, 4 бағытта секция жұмыстарында шебер-сыныптар өткізілді.

Бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлардың секция жұмысында облыстық «Үздік бейінді оқыту жөніндегі орынбасар-2019» байқауының жеңімпаздары, №10 Білім-Инновация лицей-интернатынан М.Мұстақұлов, №140 орта мектептен Айбатова Жадыра және 2019-2020 оқу жылынан бастап енетін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту бағдарламалары туралы №9 мектеп-гимназиясының модератор ұстазы Шайхсламова Сәуле шебер-сыныптар өткізді.

Қала мектептерінің 500-ден аса мектеп бітіруші түлектерінің қатысуымен пленарлық мәжіліспен аяқталды.
Пленарлық мәжілісті облыстық білім басқармасының “Техникалық және кәсіптік” бөлімінің басшысы Б.Есенбаев ашып берді. Сөз кезегін облыстық кәсіпкерлер палатасының “Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау” бөлімінің басшысы Ф.Абжаппаров, “Сыр жолдары” ЖШС директоры Б.Тлеулиев, “Қолөнер ұлттық нақыш” орталығының директоры А.Керімқұлова мен “Хабиби”сұлулық салонының директоры Б.Бақбергенова алып, оқушыларға өз кәсіптерін таңдауда, мамандықтарын таңдауда еш қателеспей, жүректерін тыңдауға шақырды. Мәжіліс соңында оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар алынды.