Қызылорда – Үздік әлеуметтік -педагог – 2019» облыстық байқауы

2019 жылғы 30 қаңтарындағы Қызылорда облысының білім басқармасының №10-НҚ/1 және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің №06 «Кәсіби байқаулар туралы» бірлескен шешіміне сәйкес, 
2019 жылдың 16 мамыр күні Қызылорда Облыстық оқу орталығының базасында әлеуметтік-педагог мамандарының қатысуымен «Үздік әлеуметтік -педагог – 2019» облыстық байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтарды анықтау, қолдау және қоғамда әлеуметтік педагог мамандығының дәрежесін көтеру, білім беру жүйесінде әлеуметтік-психологиялық бағытты жетілдіру.

Әділ-қазылар алқасының мүшелері: Қайруллаева Ақнұр Бөкенбайқызы – Облыстық білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдерді қорғау» бөлімінің бас маманы, Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы – Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары, Құсеинов Серік Әбсадықұлы – «Өрлеу» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерін біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, Раханова Нұржамал Сексенәліқызы – Облыстық оқу орталығының «Әлеуметтік-педагогикалық қызмет» бөлімінің әдіскері, Қалмаханова Жанар Есілбайқызы – №7 арнайы түзету мектеп- интернатының әлеуметтік педагогы төрелік етті.

Байқауға 8 үміткер қатыстырылып, байқау нәтижесі бойынша
І орын иегері Қызылорда қаласы №253 орта мектептің әлеуметтік-педагогы Әбзиева Фариза,
ІІ орын Жалағаш ауданы, № 118 орта мектептің әлеуметтік-педагогы Ахметова Нұрсұлу, 
ІІІ орын Сырдария ауданы, № 132 орта мектептің әлеуметтік-педагогы Абдреев Рүстем алды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және облыстық кәсіподақ комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.