ҚЫЗЫЛОРДА – “ROBO FEST-ORDA” ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

2019 жылғы 17 мамыр күні Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында “Robo Fest-ORDA” облыстық фестивалі өткізілді.

Облыстық фестивальдің негізгі мақсаты:
Оқушылардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың инженерлік-техникалық есептерді іс-жүзінде шеше білу және жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, техникалық модельдеуді насихаттау;
Оқушылардың робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бағытындағы үздік жобаларын анықтау, оқушылар мен педагогтардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау болып табылады.

Облыстық фестивальде оқушылар келесі категориялар бойынша жарысқа түсті: 
-Робо Арқан тартыс
-Робо Ақ сүйек
-Робо Қыз қуу

Фестиваль нәтижесі бойынша 38 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде (І орын-6, ІІорын-12, ІІІ-20).

Translate/Перевести/Аудару