Жеңімпаздармен кездесу

20 ақпан күні дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты базасында облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздарымен кездесті. Кездесу ашық әңгіме түрінде өткізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, басқарма басшысына ұсыныстарын жеткізді.