Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

15-20 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі болып өтті. Олимпиадаға Қызылорда облысынан 34 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 2) ие болды.