“Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарысы

2019 жылғы 3-6 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен “Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарысына Қызылорда облысы бойынша 6 оқушы қатысты.
Жарыстың мақсаты – ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.
Жарысты өткізу барысында ғарыштық технология саласындағы қатысушылардың ғылыми жобаларды қорғауы және оқушылар әзірлеген экспонаттар көрмесі ұйымдастырылған.
Сонымен қатар жарыстың бағдарламасына сәйкес жарысқа қатысушылар Байқоңыр ғарыш алаңы мұражайына, «Боран» орбиталдық кемесіне, академик С.П.Королевтың мемориалдық, тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлеріне және Байқоңыр қаласының мемориалдық және тарихи жерлеріне, қалалық ғарышкерлер мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыран; континентаралық балистикалық әскери зымыран; «Аполлон-Союз» кеңес-американ ғарышқа ұшуына қойылған «Ғарыш-Ғылымға»; қаза тапқан зымыран-сынаушылар; академиктер Королев, Янгель, Челомей, Глушко, Бармин, Рязанский, Кузнецов монументтеріне саяхат жасады.
Жарыс қорытындысы бойынша №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары Әбибулла Назерке, Серік Бегім, №101 мектеп-лицей оқушысы Рысбай Айшат жүлделі ІІІ орынды иеленсе, №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интенатының тәрбиеленушісі Тагаев Нұрбек жүлделі ІІ орынды иеленді. 
Сонымен қатар №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интенатының тәрбиеленушісі Болатбекұлы Шерхан және “Мұрагер” мектебінің оқушысы Ақылбек Әсел мақтау грамоталарымен марапатталды.