Республикалық Қадыр оқуларының қорытындысы

2019 жылдың 17-19 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында өткен республикалық Қадыр оқуларына Қызылорда облысы бойынша 3 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты:

  • Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлығын арттыру;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын анықтау;
  • Әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз шеберлігін дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы, №10 “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Шайық Жанель ІІ орын иеленсе, Шиелі ауданы, №41 орта мектептің 7 сынып оқушысы Махамбет Бегзатхан –
III орын, Қазалы ауданы, №255 мектептің 9 сынып оқушысы Кеулімжай Ұлжан Алғыс хат иеленді.