Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытындысы

25-27 сәуір аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында өтіп жатқан республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларына Қызылорда облысының атынан қатысып, облысымыздың намысын қорғаған Жалағаш ауданы, №118 орта мектептің 10 сынып оқушысы Нұрадин Аружан жүлделі ІІ орын және қаржылай сыйлықты иеленді. Жас-жеткіншекті тәрбиелеу жолындағы үлесі үшін жетекшісі Жүнісова Гүлнар Нұрбайқызына Құрмет грамотасы берілді. Жарайсың, Аружан! Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!