“Математика және жобалау” халықаралық ғылыми жоба конкурсы

Сыр Дарынының қоржыны тағы бір медальмен толықты. 
1-5 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтіп жатқан “Математика және жобалау” халықаралық ғылыми жоба конкурсына Қызылорда облысынан екі оқушы қатысып, №15 мектеп-лицей оқушысы Жұмабаева Назым жүлделі үшінші орын және Қола медальді қанжығасына байлады. 
Назымның халықаралық конкурста қорғаған тақырыбы – Математикалық модельдердің сәулет өнеріндегі қолданыстары. Дайындаған жетекшісі – №15 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Абжамалова Саулеш.