Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлерін қабылдауы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 мамыр күні облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев 2018-2019 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Халықаралық, Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздары атанған 55 оқушымен кездесу өткізді. 
Кездесуде облыс әкімі Қ. Е. Көшербаев мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға арнап ізгі тілегін білдірсе, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, Халықаралық, Республикалық олимпиадаларға қатысуларына қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді. 
Сонымен қатар, Халықаралық, Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында жеңімпаз атанып, білім бәйгесінде жоғары дәреже көрсеткендері үшін «Сыр Дарыны» медалімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Барлық марапат иелерін, жетекшілерін, ата-аналарын, мектеп ұжымын жетістіктеріңізбен құттықтаймыз!

Translate/Перевести/Аудару