IT- орталығы біліктілікті арттыру курстарын жүргізуде

2018 жылы мамырдың 29-да «Елбасының тапсырмасына сәйкес Алматы облыстық партия филиалының бастамасымен «Нұр Отан» партиясы еліміз бойынша 1000 тегін ІТ-орталық ашу жобасын қолға алып, сол бағытта Талдықорған жоғары политехникалық колледж білім ордасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, білікті ІТ-мамандар пулын даярлауға бағытталған «ІТ-мамандарды даярлау» жобасын іске асыру мақсатында ІТ-орталығы ашылған.

Облыс бойынша 2  ІТ орталық пен 21 ІТ сынып ашылды. Екі жылда 8100 бала мен 50-ге жуық маманды даярлау жоспарлануда. Мақсат – балаларды бағдарламалау мен робототехника негіздеріне үйрету, оларға қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру. Бұл игі бастама партияның “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасына қосқан үлесі деуге де болады. Айта кетейік, қазіргі таңда партияның аудан, қала орталықтарында 19 филиал, 347 бастауыш партия ұйымдары, 115 мыңға жуық партия мүшелері бар.  

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында білікті мамандарды даярлау үшін соңғы ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа IT- орталығы жұмыс істеуде.

2019 жылдың 03-05 маусым аралығында IT-орталықта Алматы облысының аудандарынан ІТ класыныңалғашқы 23 мұғалімі «Бағдарламалау», «Робототехника» және «3D-модельдеу» бағыттары бойынша өздерінің ІТ-дағдыларын жетілдірді.

Оқуды аяқтағаннан кейін оқытудың үш деңгейлі бағдарламасын әзірлеуді қамтитын қорытынды тапсырмаларды сәтті тапсырғаннан кейін мұғалімдер белгіленген үлгідегі сертификат пен куәлікке ие болды.

Дереккөз: Білімді ел

Translate/Перевести/Аудару