“Өрлеу” латын әліпбиіне көшуге дайындалуда

Білім және ғылым министрлігіне қарасты “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының құрамындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалында Тұңғыш Президентіміз-Елбасының “Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында латын графикасына оқыту аудиториясының тұсаукесері рәсімі ұйымдастырылды.  

Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары бұл іс-шараны кеңінен жария етті. Аудитория латын әліпбиін  оқытуға, емленің жаңа ережелерін түсіндіруге, әдістемелік көмек көрсетуге арналған. Мұнда облыс педагогтері – ұлттық әліпбиге қатысты біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін курстар, семинарлар және басқа да шаралар өткізілетін болады. Енді курс тыңдаушылары кабинет қабырғасында орналасқан көрнекі материалдар бойынша жаңа алфавитті зерделеп, заманауи техниканы пайдалана алады.

Аудитория интерактивті тақтамен, компьютерлермен, жаңа алфавитті зерделеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Және қазіргі қазақ лингвистика бойынша соңғы ғылыми жарияланымдармен толықтырылуда. Кабинетте ақпараттық ресурстар қолжетімді: qazlatyn.kz, emle.kz, tilalemi.kz, atau.kz, termincom.kz, qujat.kz.

Сондай-ақ кабинетте латын графикасына оқыту бойынша оқу және әдістемелік әдебиет, аймақтағы мемлекеттік мұрағаттың материалдары ұсынылған. Жаңаша жазу жаңа білімге, жаңа танымға тағы бір қадам жақындататынына  сенімдіміз.

Дереккөз: Білімді ел

Translate/Перевести/Аудару