«Туймаада» халықаралық олимпиадасы

Достар, Сіздермен тағы да бір жақсы хабармен бөліскелі отырмыз!
2019 жылғы 8-14 шілде аралығында аралығында Якутск қаласында (Саха Республикасы) математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың «Туймаада» халықаралық олимпиадасы өтті. 
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті негізгі ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен байланыс нысандарын кеңейту, оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ынталандыру болып табылады.
Қызылорда облысынан олимпиадаға №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Серикбаев Исламхан Қазақстан құрама командасының құрамына еніп, олимпиада нәтижесі бойынша физика пәнінен жүлделі ІІ орын және олимпиаданың Күміс медалін иеленді. 
Біз дарынды жастарымызды мақтан тұтамыз!

Комментарии 2

  • Карлыгаш апай олимпиада болмайд деп единиз го улдар лицейин жверипсиз

    • Саламатсыз ба? №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Серикбаев Исламхан Қазақстан құрама командасының мүшесі ретінде республикалық “Дарын” ғылыми-практикалық орталығының есебінен қатысты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *