«Жас өнертапқыш» тақырыбындағы анимациялық онлайн суреттер жарысына қатысуға шақырамыз

      Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 1-4 сынып оқушылары арасында «Жас өнертапқыш» тақырыбындағы анимациялық онлайн суреттер жарысына қатысуға шақырады.

? Анимациялық онлайн суреттер жарысының мақсаты: кесте, сурет, бейнені және дыбыстар бойынша анимациялық суреттер құрастыру.

???Кез келген бағдарламада орындалған анимациялық суреттер (Power Point, AnimeMaker, FlipaClip т.б) болуы мүмкін.

Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG, GIF, 2D, 3D форматында электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт (өлшем бірлігі 20 МБ артық емес). Жұмыстар А4 бетінде салынған болуы керек.

Бір қатысушыдан қабылданатын суреттер саны – 1 данадан артық болмауы қажет. Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.

?‍♀️Қатысушы үйден шықпай еркін тақырыпта анимациялық суреттер құрастыруға болады. Жүктелген сурет астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні).

✅✅ Әр оқушы салған суретін Whatsapp желісі арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберуге болады.

??? Женімпаз оқушылар Облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ орын дипломдарымен және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының алғыс хаттарымен марапатталады.

⌛⏳⌛ Анимациялық онлайн жарысы 14 сәуір-26 сәуір аралығында өткізіледі.

☎️☎️☎️ Байланыс телефондары:

Whatsapp желісі бойынша 8 707 614 79 75 және 8 705 467 66 91

Электронды пошта: Akiseva@mail.ru