«Жау жүрек полк» (Бессмертный полк) тақырыбында бейнеролик конкурсына қатысуға шақырамыз!

Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»,  «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы және техникалық  білім беру ұйымдарының оқушылар мен студенттер арасында  «Жау жүрек полк»  (Бессмертный полк) тақырыбында  ҰОС ардагерлерінің ерліктерін насихаттау бойынша видеоролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Конкурс мақсаты мен міндеттері

  • Мектеп оқушылары мен колледж студенттері Ұлы Отан Соғысының майдангер атасының ерен ерлігін насихаттау, суреттерін, медальдарын, жариялау;
  • Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету,
  • Дарынды оқушыларды ынталандыру, өз халқымыздың тарихын құрметтей білу.

Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар

  • бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында қабылданады.
  • бейнероликтердің сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел.
  • бейнероликтің  ұзақтығы –  5 минуттан аспау қажет.
  • бейнероликтер қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
  • Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі,
  • Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

Майдангер атасының ерен ерлігін, суреттерін, медальдарын насихаттау мақсатында  бейнероликтер дайындалу қажет. Қатысушы ұсынған бейнероликтер санына шектеу қойылмайды. Байқауға жіберілген бейне материалдар мына жағдайларда кері қайтарылады:

– үшінші адамның авторлық құқықты бұзуы;

– байқау тематикасына сәйкес келмейтін материалдар;

– көркемдік және техникалық сапасының нашар болуы;

– мазмұны моральдық-этикалық қағидаларға сәйкес келмеуі.

Қатысушылар жас ерекшелігі

Конкурсқа өз жұмыстарын жалпы және техникалық  білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері ұсына алады. Әр сыныптың және колледждің жұмыстары бөлек қарастырылады. Комиссия әр сыныптан және колледжден үздік жұмыстарды іріктеп алады.

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, орталықтық әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Ұсынылған жұмыстарын бағалау критерийі:

– бейнематериалдардың тақырыпқа сәйкес келуі;

– ұсынылған материалдың ерекшелігі;

– техникалық және сапалы орындалуы.

Байланыс тетіктері

Әзірленген бейнероликтерді  «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының электронды мекен-жайына  81-asel-81@mail.ru  а.ж. 6 мамырына дейін жолдауы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 8-705-467-66-91 (Асель)