Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 5-11 сынып оқушылары арасындағы байқау (сурет, эссе) қорытындысы

2020 жылдың 2-20 сәуір аралығында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» жобасы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық» тақырыбында облыстық қашықтықтан сурет, эссе байқауы өткізілді.

                         Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • Адамгершілік пен адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ұстанымын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақтың саналы түрде сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру.

Байқау эссе және сурет номинациялары бойынша жүргізілді. Эссе номинациясы бойынша 30 оқушы, сурет номинациясы бойынша 31 оқушы қатысып, 10 оқушы Қазақстан Ресбубликасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлескен I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Эссе номинациясы бойынша:                

I дәрежелі диплом иегері:

  • Назгүл Балтабай – Арал ауданы, №13 мектеп, 8-сынып.       

II дәрежелі диплом иегері:

  • Амангелдиева Нұрлыайым, №2 ОДМИ, 9 сынып
  • Салман Анель, №12 ІТ мектебі, 9 сынып        

III дәрежелі диплом иегері:

  • Әділбаева Назерке – Арал ауданы, №59 мектеп,10-сынып

Сурет номинациясы бойынша:     

І дәрежелі диплом иегері

  • Жақыпбек Гүлзат – Жаңақорған ауданы, №52 мектеп, 7-сынып    

ІІ дәрежелі диплом

  • Әбжамиева Арайлым-Арал ауданы, №265 мектеп, 7-сынып
  • Калжан Меруерт-арал ауданы, №63 мектеп, 6-сынып           

III дәрежелі диплом иегері:

  • Әлмаханова Зарина-Қызылорда қаласы, №3 ІТ мектеп, 7-сынып
  • Алпысбай Құндыз-Қызылорда қаласы, №3 ІТ мектеп, 5-сынып
  • Ғанибек Мария-Қызылорда қаласы, №4 мектеп-интернат, 7 сынып