“Отбасым – бақыт мекені” облыстық шығармалар байқауының ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының 2020 жылғы 6 мамырдағы «15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған онлайн-форматтағы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Отбасым – бақыт мекені» облыстық онлайн шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Оқушыларға тәрбие отбасының құндылықтарын насихаттау.

2.2. Отан отбасынан басталатынын дәріптей отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.  

2.3. Еліміздің ертеңі – жас буынға рухани қарым-қатынас пен отбасы құндылықтарын ұғындыру.

2.4. Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Бауқау а.ж. 17 мамыр  күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қащықтықтан өткізіледі.            Бауқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды а.ж. 14 мамырына дейін syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

3.2. Байқау аяқталған күннен кейін – шығармалар қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес шығармалар қарастырылмайды.

3.3. Бауқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1. Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;

4.2. Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс.

4.3. Құжат MS Word форматында жазылады;

Қаріп түрі Times New Roman;

Қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.

4.4. Шығарма мәтінінің орналасу реті төмендегіше:

– автордың аты-жөні (толық);

– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;

– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;

– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);

4.5. Шығарманың орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Байқауға ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.

  1. Бағалау критерийлері

5.1. Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
  • шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
  • жазба тілінің сапасы;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).

5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

6.1. Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, орталықтың ресми сайтында жарияланатын болады.