«Бала тілегі» қашықтық форматында балалардың жүректен-жүрекке лебіз челленджіне қатысуға шықырамыз!

Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының 2020 жылғы «1 маусым – Халықаралық балалар күніне арналған қашықтық және онлайн форматында өтетін облыстық іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Бала тілегі»  қашықтық форматында балалардың жүректен-жүрекке лебіз челленджі (бұдан әрі – Челлендж).

Челленджді ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

2.Челендж мақсаты мен міндеттері:

  1. Жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жекелік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
  2. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуді көздейді.
  3. Оқушыларды ізгілік пен адамгершілікке баулу;
  4. Жастарды медиа шығармашылыққа еліктіру, назарын аудару және өзіндік жұмыстарға бейіндеу;
  5. Тематикалық бейнероликтерді түсіру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қызметінің позитивтік бағытын насихаттау;

3.Челленджге қатысу шарттары:

Әрбір оқушы  өзінің балалық шағының қызықты күндері, ұмытылмас сәттері жайлы, қимас жандары мен достары туралы видео-ролик жасап, өз лебізін білдіріп әлеуметтік желіге жүктейді. Өзгелерге үлгі боларлықтай пайдалы да қызықты істермен айналысқан кездерінен видео-үзіктер дайындап салып, өз достарына шақырту жолдайды.

  1. Instagram әлеуметтік желісіндегі @Syrdaryny парақшасына тіркелу;
  2. Өз парақшасына салынған видеоға @Syrdaryny парақшасын белгілеп, #Балатілегі, #СырДарыны хештегтерін жазу;
  3. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт;
  4. Осы посттың астына 3 досын белгілеп, эстафетаны жолдайды; (өзі жайында ақпаратпен қоса)
  5. Қатысушылар челлендж арқылы өздері челленджді кімнен қабылдағанын айтып, басқа достарына жолдайды;
  6. Видеоролик ұзақтығы: 1-3 минут
  7. Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.

Челленджді өткізу уақыты: 22 мамыр – 1 маусым, 2020 жыл.