«Мен елімнің ертеңімін» қашықтық форматында балалардың үлкендерге қамқорлығы жөнінде шақыру тастауына (челлендж) қатысуға шақырамыз!

   Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының 2020 жылғы мамыр айындағы  «1 маусым-Халықаралық балалар күніне арналған қашықтық және онлайн-форматтағы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Мен елімнің ертеңімін» қашықтық форматында балалардың үлкендерге қамқорлығы жөнінде шақыру тастау (челлендж) (бұдан әрі  – Челлендж).

Челленджді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  Челлендждің мақсаты мен міндеттері

  • Білім алып жатқан жастардың «Сыйластық», «құрмет», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
  • Әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргетасын қалау, үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет  жасауға  тәрбиелеу.
  • Сонымен қатар, жарқын болашақтың құлпытасы- жас буын, өздерінің қолдарында екендіктерін түсіндіру. Ел болашағын жоспарлаудағы баланың қиялына ерік беру.

 Челленджді  рәсімдеу талаптары мен шарттары

  1. @syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет
  2. Қатысушы өзінің үлкендерге жасаған игі істерін (өзі жайында толық ақпаратпен таныстыра отырып, келесі адамға жолдауды) видеоға түсіру арқылы өз достарын жақсылық жасауға шақырады (челленджді жолдайды)
  3. Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny парақшасын белгілеп, #менелімніңертеңімін, #сырдарыны хештегтерін жазу
  4. Осы посттың астына 3 досын белгілейді
  5. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
  6. Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары қатыса алады.
  7. Видеоролик ұзақтығы 1-3 минут аралығы.

Челленджді жолдау уақыты: а.ж. 22 мамыр – 1 маусым аралығы