“Ата Заң-aлтын тұғырымыз” шығармалар байқауының қорытындысы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 28 тамыз күні жалпы білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары арасында «Ата Заң – алтын тұғырымыз» тақырыбында қашықтықтан облыстық шығармалар байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:
– Оқушылар арасында Тәуелсіздіктің қадір – қасиетін ұғындырып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
-Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалау. Еліміздің өткеніне құрметпен, бүгініне жауапкершілікпен, болашағына сеніммен қарауға түрткі болу;
-Жаңа буын жас ұрпақтың бойына қазақи салт-дәстүрімізді, ата-салты, ақ жолымызды насихаттап, өзіндік ой-қорытындысын шығара білуге тәрбиелеу;

Байқау қорытындысында 32 жұмыс сараланып, үздік деп танылған 11 оқушының жұмысы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5) марапатталды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
Жарылқасынова Жаннұр-Арал ауданы, №220 мектеп, 7 сынып
Төребек Нұрқожа-Қызылорда, №187 мектеп, 8 сынып
Жұмамұратова Ғазиза-Қармақшы ауданы, №277 мекеп, 9 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Абубакирова Алина-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 7 сынып
Әлжан Сәмет-Арал ауданы, №2 ОДМИ, 8 сынып
Сүлейменова Гүлмерей-Арал ауданы, №220 мектеп, 9 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Кәрісбекова Құралай-Шиелі ауданы, №41 мектеп, 7 сынып
Әділхан Нұрзат-Қазалы ауданы, №98 мектеп, 8 сынып
Базарбаева Ақнұр-Шиелі ауданы, №41 мектеп, 8 сынып
Бақытжанова Гүлназ-Шиелі ауданы, №41 мектеп, 9 сынып
Жакенова Ақбота-Қызылорда, №12 мектеп, 9 сынып