«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысы


2020 жылдың 3 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында 14-16 жас оқушылар арасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өткізілді .
Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
 Форумның міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
2) білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;
3) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;
4) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
5) мәдени және табиғи алуантүрлілікті сақтау принципіне сәйкес балаларда бірегей жалпы адамзат құндылықтарын тәрбиелеу;
6) шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау;
7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Форумға 21 оқушы қатысып, 11 оқушы I, II, III дәрежелі дипломдарымен ( І орын-4, ІІ орын-5, ІІІ орын-2) марапатталды.

«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы:
І дәрежелі диплом иегерлері:
Мнаж Эльдар-Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 11-сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Қожахметова Ұлданай-Қармақшы ауданы, №105 мектеп, 10-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Тілеужан Рамазан-Қазалы ауданы, №249 мектеп, 9-сынып

«Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
Қазбеков Нұрдәулет-Арал ауданы, №83 мектеп, 10-сынып
«Жасыл экономика» номинациясы бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Қалдар Ұлпан-Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 11-сынып

«Жасыл оазистер» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
Әбітханова Нұрай-Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 10-сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Қыдырхожаева Бибіажар-Сырдария ауданы, №129 мектеп, 8-сынып
Тәнірберген Жанбота-Сырдария ауданы, №129 мектеп, 9-сынып

«Жеңіс мамыры» номинациясы бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Сағдатқызы Айзат-Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 10-сынып

«Экоболашақ» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
Әлімжан Нұрайым-Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 9-сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Лесбаева Әсел-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 10-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Қуаныш Зехра-Сырдария ауданы, №129 мектеп, 8-сынып

Translate/Перевести/Аудару