«Қарттарым асыл қазынам» облыстық сурет байқауына қатысуға шақырамыз!


Жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында қарттар мерекесі аясында қашықтан «Қарттарым асыл қазынам»
облыстық сурет байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ


1.Жалпы ереже
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында қарттар мерексі аясында қашықтан «Қарттарым асыл қазынам» облыстық сурет байқауын (бұдан әрі- Байқау) өткізу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1.Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту. Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргетасын қалау, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, жарқын болашақтың құлпытасы- жас буын, өздерінің қолдарында екендіктерін түсіндіру, әрбір отбасындағы қазына болып отырған ата-әже орны мен қарттардың беретін тәрбиесін ұғындыру.

3.Байқауға қатысушылар
3.1.Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары қатыса алады.
3.2.Байқауға қатысу сұранысын а.ж. 30 қыркүйек күні сағат: 15.00 ге дейін syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың тақырыбы көрсетілуі қажет.


4.Қазылар алқасы және марапаттау
4.1.Қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды төмендегі өлшемдермен 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды:
-композиция;
-бояуы;
-тақырыпқа сәйкестігі;
-жұмыстың безендірілуі.
4.2.Байқау жүлдегерлері облыстық білім басқармасы басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диломдары және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталады.
4.3.Жеңімпаздар мәліметі орталықтың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында (ресми сайт:syr-daryny.kz; инстаграмм: @syrdaryny; фейсбук: «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы) жарияланатын болады.