Республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы


«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 29 қыркүйек күні онлайн форматта республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Республикалық олимпаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңінен оқуға қызығушылықтарын арттыру, жасөспірімдер арасында олимпиадаға жоғары дайындықты жүзеге асыру және олимпиада резервін қалыптастыру.
Олимпиадаға қатысушылар математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндері бойынша білімдерін сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

8 сынып бойынша:
І орын иегерлері:
-Абзал Сұлтан – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (физика)
-Аружан Аманкелдіқызы – Арал ауданы, №2 ОДМИ (математика)
-Нұрислам Сырғабаев – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (информатика)
-Қарақат Қыдырова – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (химия)
-Шынар Абат – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (биология)
-Балнұр Өтеш – Жалағаш ауданы, №201 мектеп (география)

ІІ орын иегерлері:
-Қаракөз Меңілбек – Сырдария ауданы, №44 мектеп (физика)
-Саяжан Кеңесбай – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ (математика)
-Меруерт Тоқшылық – Жалағаш ауданы, №202 мектеп (химия)
-Ақерке Тәліпова – Шиелі ауданы, №157 мектеп (биология)
-Дәуіт Ибрагим – Қызылорда қаласы, №4 ОДМи (география)

ІІІ орын иегерлері:
-Эльмира Доспанова – Жалағаш ауданы, №123 мектеп (физика)
-Алпамыс Іскендір – Қызылорда, №9 БИЛ (математика)
-Құралай Қамбар – Шиелі ауданы, №47 мектеп (математика)
-Арайлым Ғалымжанқызы – Шиелі ауданы, №219 мектеп (химия)
-Рамазан Мухамбетжан – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (биология)
-Алдияр Алмас – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (география)

9 сынып бойынша:
І орын иегерлері:
-Алтынай Рүстембек– Сырдария ауданы, №129 мектеп (физика)
-Дамир Бақытжан – Жалағаш ауданы, №123 мектеп (математика)
-Олжабай Сабыржан – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (информатика)
-Бибіхан Жанболатқызы – Шиелі ауданы, №46 мектеп (химия)
-Рауан Мұратұлы – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (биология)
-Жанель Жаханша – Жалағаш ауданы, №246 мектеп (география)
-Ақниет Серік – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ (география)

ІІ орын иегерлері:
-Гүлназ Жұмағали– Жалағаш ауданы, №201 мектеп (физика)
-Нұрдаулет Ануарбек – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (математика)
-Ақниет Ғабитқызы – Сырдария ауданы, №44 мектеп (химия)
-Аружан Жақсыбаева – Сырдария ауданы, №36 мектеп (биология)
-Мұхамедияр Яхия – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (география)

ІІІ орын иегерлері:
-Аян Ермахан – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (физика)
-Қарақат Жұмаділ – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ (математика)
-Жанкерім Әлжанова – Арал ауданы, №2 ОДМИ (химия)
-Нұрайым Әлімжан – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (химия)
-Нұрила Бектай – Қармақшы ауданы, №183 мектеп (химия)
-Әсел Бекмұрат – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ (биология)

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару