14-18 жас аралығындағы ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалінің облыстық кезеңінің қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 16 қазан күні қашықтан «Шексіз өмір» республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
– ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қоғамның әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне бейімдеу;
– балалардың тең мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны дамыту және танымал ету болып табылады;
– ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін іске асыруда әріптестікті орнату және кеңейту.
Фестивальді облыстық кезеңінде қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша бақ сынасты:
1)Вокалдық орындау
2)Би билеу
3)Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер
4)Сәндік-қолданбалы шығармашылық
5)Техникалық өнертабыстар
6)Компьютерлік әзірлемелер, робототехника
Фестиваль қорытындысы бойынша оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары мен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатына» ие болды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
Жалғас Арман – Қызылорда қаласы, №171 мектеп;
Нәжіманов Сәндібек – Арал ауданы, №57 мектеп;
Күнділдә Динара – Қазалы ауданы, №249 мектеп;
Амангелді Жансая – Жалағаш ауданы, №116 мектеп;
Альбекұлы Нариман – Сырдария ауданы, №147 мектеп;
Нуртай Динара – Қызылорда қаласы, №222 мектеп.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Бақытбек Қарақат – Қазалы ауданы, №103 мектеп;
Бөрібаева Сәния – Арал ауданы, №57 мектеп;
Арзығұлова Ұлболсын – Қазалы ауданы, №88 мектеп;
Нурбай Диана – Жалағаш ауданы, №31 мектеп.

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Маратұлы Бақдәулет – Жаңақорған ауданы, №110 мектеп;
Ерохин Максим – Жалағаш ауданы, №31 мектеп;
Игильманова Дана – Қызылорда қаласы, №7 мектеп

«Алғыс хат» иегерлері:
Жұмағали Меруерт – Қызылорда қаласы, №171 мектеп;
Темірова Жарқынай – Қызылорда қаласы, №144 мектеп;
Байбулатов Бахтияр – Қызылорда қаласы, №198 мектеп.