«Парасатты отбасы» онлайн байқауына қатысуға шақырамыз!

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының
Ережесі

1.Жалпы ереже
1.1.Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
1.2.Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен қатыса алады.

2.Байқауға қатысу шарттары
2.1.Байқауға Қызылорда облысының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2.2.Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
2.3.Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде (инстаграм) ортақ хэштегпен орналастырады.

3.Байқауды өткізу тәртібі
3.1.Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.
3.2.Байқауға қатысушылардың өтінімдері мен ұсынылған роликтері төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
1)роликтің ішкі мазмұнының тақырыпқа сәйкес болуы;
2)роликтің негізгі идеясының ерекшелігі;
3)такырыптың негізгі идеясын аша білуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үлесі.
3.3.Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер Білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының elumiti-orda@mail.ru электрондық поштасына 2020 жылғы 26 қазанына дейін жолданады. Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасының қорытындысы а.ж. 30 қазанына дейін Білім басқармасы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ресми әлеуметтік парақшаларында жариялануы қажет.
3.4.Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан
«Үздік оқырман отбасы», «Зейінді отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Дәстүрге берік отбасы» номинациялары бойынша отбасылар таңдалып, алғыс хаттармен марапатталады.

 

Translate/Перевести/Аудару