Республикалық юниорлық олимпиаданың қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 29 қазан күні қашықтан ZOOM платформасында республикалық юниорлық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.
Республикалық олимпаданың негізгі мақсаты мен міндеттері оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңінен оқуға қызығушылықтарын арттыру, юниорлар арасында олимпиадаға жоғары дайындықты жүзеге асыру және олимпиада резервін қалыптастыру.
Қорытынды кезеңде қатысушылар математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндері бойынша бақ сынасып, төмендегі оқушылар “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 

І орын иегері:
Балнұр Өтеш – Жалағаш ауданы, №201 мектеп (география)

ІІ орын иегерлері:
Абзал Сұлтан – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (физика)
Алтынай Рүстембек– Сырдария ауданы, №129 мектеп (физика)
Қарақат Қыдырова – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (химия)

ІІІ орын иегерлері:
Аружан Аманкелдіқызы – Арал ауданы, №2 ОДМИ (математика)
Бибіхан Жанболатқызы – Шиелі ауданы, №46 мектеп (химия)
Рауан Мұратұлы – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ (биология)
Дәуіт Ибрагим – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ (география)
Серік Ақниет – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ (география)
Жақанша Жанель – Жалағаш ауданы, №246 мектеп (география)
Меңілбекова Қаракөз – Сырдария ауданы, №44 мектеп (физика)

Translate/Перевести/Аудару