1-9 сынып оқушылары арасында «Рақмет саған, дәрігер!» тақырыбындағы қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық бейнеролик конкурсына қатысуға шақырамыз!


1-9 сынып оқушылары арасында
«Рақмет саған, дәрігер!» тақырыбындағы қашықтан
әлеуметтік желі арқылы облыстық бейнеролик конкурсының
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-9 сынып оқушылары арасында «Рақмет саған, дәрігер» тақырыбындағы қашықтықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері
-Өскелең ұрпақты әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға тәрбиелеу;
-Білім алып жатқан жастардың бойына ізгілік нұрын ояту, қадірлей білуге, алғыс айта білуге, сыпайылыққа тәрбиелеу;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
-Үйден шықпай әлемде болып жатқан қолайсыз жағдайда оқушыларға денсаулықтың маңызды екенін ұғындыру;
-Дәрігер мамандығының қиындығы мен жақсы тұстарын, ерекшелігін, маңыздылығын ұғындыра отырып, еңбектерін бағалауға, өз денсаулықтарына ыждағаттылықпен қарауға шақыру;
-Дәрігерлерге алғыс айту арқылы қазіргі індет жағдайында оқушыларға позитивті көңіл- күй орнату, дәрігерлердің мерейін көтеру;
-Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

3. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
1.@syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет.
2.Өз парақшасына дәрігерлерге алғыс білдіретін видеороликті @syrdaryny парақшасын белгілеп, #рақметсағандәрігерім, #елүмтімін хештегтерін жазу арқылы салады.
3.Осы посттың астына 3 досын белгілеп,пікір қалдыру керек.
4.Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт.
5.Конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарының 1-9 сынып оқушылары қатыса алады.
6.Конкурсқа тек жеке парақшалар қатысады (интернет магазин, конкурс үшін ашылған аккаунттар, фейк парақшалар қатыса алмайды).
7 Қатысушы дәрігерлерге алғыс білдіретін, әлемді шарпыған ауыр індетпен күресушілер туралы 3-4 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
8.Жүктелген бейнеролик астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні).
9.1-3 бейнеролик қана жүктей алады.
10.Салынған бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.

4. Бағалау критерийлері
-Қатысушылардың салынған бейнероликтерінің сапасына және жиналған лайк санына, сонымен қатар, әділ-қазылардың бағалауына байланысты сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
-Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталады.
Конкурс нәтижесі 2020 жылдың қараша айында syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.

Translate/Перевести/Аудару