Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсына қатысуға шақырамыз!


Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында
«Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық
жас ғалымдар конкурсының
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1.1.Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
1.2.Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1.Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, жастардың ғылымға деген ынтасын арттыру;.
2.2.Ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету, дарынды жас оқушыларды табу әрі қолдау.
2.3.Жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру.
2.4.Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін және өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, Елбасына деген құрмет, сезімін ояту.
2.5.Тұңғыш Президент–Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету;
2.6.Білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту; қасиетті Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу
2.7.Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

3.Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1.Конкурс 2020 жылдың 27 қараша күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында zoom платформасында қашықтықтан сырттай өткізіледі, алайда дайын жұмыстарды ұсынысқа қосып жіберу қажет. Конкурсқа қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2020 жылдың 25 қарашасына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
3.2.Конкурсқа қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Ғылыми жобалар осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға негізделіп жасалуы қажет. Конкурсқа (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.
3.3.Конкурсқа ұсынылған ғылыми жобалар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
3.4.Ғылыми жоба ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол берілмейді, республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

4.Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1.Ғылыми жоба оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
4.2.Жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
-титул парағы;
-мазмұны;
-абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының
қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
-кiрiспе;
-зерттеу бөлiмi;
-қорытынды;
– пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
4.3.Титул парағында мыналар көрсетiледi:
-жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
-автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
-жұмыстың атауы;
-жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
-қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
4.4.Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың
қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
-зерттеудің мақсаты;
-гипотезасы;
-кезеңдерi, зерттеудiң реті;
-тәжірибенің әдiстемесi;
-зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
-жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
4.5.Кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
4.6.Жұмыстың зерттеу бөлiмi (10 беттен кем емес) жеке тараулардан
(параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
-осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
-қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
-жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
-суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
4.7.Қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындылары.
4.8.Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай
тәртiпте берiледi:
-автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
-мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
-журналдың, кiтаптың аты;
-басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
-басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
4.9.Әрбiр жұмыстың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;
4.10.Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 5-10 минут беріледі.
5.Бағалау критерийлері

5.1. Ең үздік ғылыми жобаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
ғылыми жұмыстың жаңашылдығы, өзектілігі;
құрылымның негізділігі және мазмұнының қисындылығы, мәдениеттілігі;
арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі, шеттілді әдебиеттерді қолдануы;
зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
меншікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы, автордың өзіндік жұмыс тәсілі;
қорытындының және ұсыныстың болуы;
жұмыстың безендірілуі.
5.2.Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

6.Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

6.1.Конкурсты бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
6.2.Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Конкурс нәтижесі 2020 жылдың 28 қараша күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.