Жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик байқауына қатысуға шақырамыз!


Жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында
қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик
байқауының ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Өскелең ұрпақты әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға тәрбиелеу;
Білім алып жатқан жастарда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
Үйден шықпай әлемде болып жатқан қолайсыз жағдайда оқушыларға ұстаздарды сыйлауға, қадірлеуге үйрету;
Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету;
Ұстаз беделін арттырып, абыройын асқақтады;
Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

3.Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

1.@syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет
2.Өз парақшасына салынған вайнға @syrdaryny парақшасын белгілеп, #VF_SD, #елүмітімен хештегтерін жазу
3.Осы посттың астына 3 досын белгілеп,пікір қалдыру
4.Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
5.Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатыса алады
6.Байқауға тек жеке парақшалар қатысады (интернет магазин, конкурс үшін ашылған аккаунттар, фейк парақшалар қатыса алмайды)
7.Қатысушы «егерде мен ұстаз болсам…» немесе ұстаздар туралы мәні бар 1 минуттан аспайтын вайн түсіруі керек.
8.Жүктелген бейнеролик астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні)
9.1-3 бейнеролик қана жүктей алады.
10.Салынған вайн бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет

4. Бағалау критерийлері
-Қатысушылардың салынған вайндарының сапасына және жиналған лайк санына байланысты топқа бөлініп бағаланады.
-Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталады.
Байқау нәтижесі 2020 жылдың 26 қараша күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.

 

Translate/Перевести/Аудару