«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының жеңімпаздары!

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 29-30 қазан аралығында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы қашықтық форматында өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Байқауға Қызылорда облысынан 9 оқушы қатысып, нәтижесінде республика бойынша командалық есепте ІІ орын және 3 оқушы ІІ,ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
ІІ орын иегері:
Утегенова Ақгүл-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 11 сынып
ІІІ орын иегерлері:
Ұзақбай Диас-Жалағаш ауданы, №246 мектеп,10-сынып
Қабылбай Нұркәрім-Қызылорда қаласы, IT IMAQORDA ресурстық методикалықорталығы, 10-сынып
Оқушылармен бірлесіп жұмыс жасап жүрген жетекшілер мен ата-аналарына алғыс білдіреміз!