Жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы


Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 қарашасы күні қашықтан ZOOM платформасы арқылы Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жақсарту және тереңдету болып табылады. Сонымен қатар, орта мектеп оқушылары арасында тіл туралы, әлемдік тілдік әртүрлілік және лингвистиканың мәні туралы білімді насихаттау мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және лингвистикалық тәжірибеде жалпы білімді шығармашылық қолдануды дамыту. Лингвистиканы зерттеуге қызығушылықты анықтау және дамыту.
Облыстық кезеңге 30-дан аса оқушы қатысып, төмендегі оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
Амангелдиева Аружан- Арал ауданы, №2 ОДМИ, 8 сынып
Әбдіхалықова Алина – Қармақшы ауданы, №279 мектеп, 9 сынып
Ли Максим- Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 10 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Садуақасова Бірғаным- Қазалы ауданы, №249 мектеп, 8 сынып
Мархабай Мира – Жалағаш ауданы, №31 мектеп, 8 сынып
Демеу Айзат – Қазалы ауданы, №170 мектеп, 9 сынып
Еркінова Назия – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 9 сынып
Раухан Сая – Арал ауданы, №2 ОДМИ, 10 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Мысаханова Амина – Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 8 сынып
Әбілдә Абдиманап – Сырдария ауданы, №132 мектеп, 8 сынып
Мамадахунов Мирас- Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 8 сынып
Нұртазаева Назерке – Қармақшы ауданы, №272 мектеп, 9 сынып
Байғабылова Дильназ- Қызылорда қаласы, №101 мектеп, 9 сынып
Абдырахым Аймейір – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 10 сынып
Пайзрахманова Айсұлу – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 10 сынып
Русланқызы Динара – Сырдария ауданы, №129 мектеп, 10 сынып