Облыстық Vine Fest бейнеролик байқауының қорытындысы

Жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында
қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик
байқауының қорытынды ақпараты

2020 жылдың 24 қарашасы күні жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик байқауы өткізілді.
Vine – қазақы әрі күлкілі видео роликтер. Ал, сол видеоларды түсіретін адамдарды – вайнерлер дейді. Вайнның ұзақтығы – әдетте 1-2 минут аралығында болады. «Вайн» дегенді қысқаша айтқанда – шағын видеоролик. 2012 жылы ағылшынның «Vine» деген алты секундтық видео түсіруге мүмкіндік беретін мобильдік қосымшасы шығып, кейін бұл ұғым жер жаһанға тарап кеткен екен. Әзілі жарасқан жастар (немесе вайнерлер) бүгінгі күні қолындағы ұялы телефонымен-ақ вайндарды кез келген жерде түсіре береді. Шағын роликтердің тек қана жеңіл әзіл аясында топтаспай, ел ішіндегі өзекті мәселелерді келеке ететіні бар. Алшысынан түскен мұндай вайндарды әлеуметтік желіде көптеп кездестіруге болады. Бүгінгі таңда жастардың арасында оған деген сұраныс жоғары.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Өскелең ұрпақты әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға тәрбиелеу және білім алып жатқан жастарда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету, ұстаз беделін арттырып, абыройын асқақтату. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
Облыстық Vine Fest байқауына 74 оқушы қатысып, 34 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын-4, ІІ орын-12, ІІІ орын-18) марапатталды.

1 сыныптар бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
•Жоламан Нұрсұлтан- Арал ауданы, №231 мектептің 1 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Сарекеева Ақбаян- Сырдария ауданы, №37 мектептің 1 сынып оқушысы;
•Дүйсен Аслан- Жалағаш ауданы, №38 мектептің 1 сынып оқушысы;
•Серік Кәусар, Жоламан Нұрсұлтан- Арал ауданы, №231 мектептің 1 сынып оқушылары.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Иса Али- Қармақшы ауданы, №275 мектептің 1 сынып оқушысы;
•Болатбекқызы Әдемай- Жалағаш ауданы, №38 мектептің 1 сынып оқушысы;
•Жанғабылов Мағжан- Сырдария ауданы, №37 мектептің 1 сынып оқушысы;
•Нұржанұлы Мұхаммедияр- Қызылорда қаласы, №261 мектептің 1 сынып оқушысы.

2 сыныптар бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Нұрқасым Анель- Сырдария ауданы, №37 мектептің 2 сынып оқушысы;
•Бұхарбаев Нұртөре- Сырдария ауданы, №37 мектептің 2 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Өмірсерік Жансерік- Қызылорда қаласы, №173 мектептің 2 сынып оқушысы;
•Марат Медет- Сырдария ауданы, №37 мектептің 2 сынып оқушысы;
•Шорабек Наргиз- Сырдария ауданы, №37 мектептің 2 сынып оқушысы;
•Шералиев Санжар- Қызылорда қаласы, №264 мектептің 2 сынып оқушысы.

3,4 сыныптар бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
•Қасымбек Аяжан- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 4 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Ертайқызы Бибінұр- Жалағаш ауданы, №232 мектептің 3 сынып оқушысы;
•Ыдырыс Алихан- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 4 сынып оқушысы;
•Жақсылықова Асылзат- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 4 сынып оқушысы;
•Алдаберген Нұрсаида- Қызылорда қаласы, №101 мектептің 4 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Қанышқызы Жания- Жалағаш ауданы, №118 мектептің 3 сынып оқушысы;
•Қайратқызы Кәусар- Сырдария ауданы, №37 мектептің 3 сынып оқушысы;
•Әбенов Алдияр- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 3 сынып оқушысы;
•Ғалымжанқызы Қарақат- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 4 сынып оқушысы;
•Бүркітбай Аружан- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 4 сынып оқушысы.

5, 6, 7, 8 сыныптар бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
•Төлеп Жансая- Қызылорда қаласы, №187 мектептің 7 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Әбілқасымова Айдын, Кәрім Ғалия, Шегебай – Қызылорда қаласы, №261 мектептің 6 сынып оқушылары;
•Кеңес Нұрай- Қызылорда қаласы, №4 мектептің 8 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Шудабаева Алтынай- Қазалы ауданы, №249 мектептің 7 сынып оқушысы;
•Сабыржанқызы Қарақат- Жаңақорған ауданы, №221 мектептің 7 сынып оқушысы;
•Алпысбай Сабина, Анель- Қызылорда қаласы, №267 мектептің 7,8 сынып оқушылары;

9, 10, 11 сыныптар бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
•Есқара Бағлан- Жалағаш ауданы, №202 мектептің 10 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Батылжан Думан- Жалағаш ауданы, №118 мектептің 10 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Аманкелді Есімжан- Қызылорда қаласы, №264 мектептің 10 сынып оқушысы;
•Абдулхай Заманай- Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.