«Болашаққа бастар жол» тақырыбындағы облыстық фильмтрейлер конкурсының қорытындысы

Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында
«Болашаққа бастар жол» тақырыбындағы облыстық фильмтрейлер конкурсының қорытынды ақпараты

2020 жылғы 24 қараша күні жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында «Болашаққа бастар жол» тақырыбындағы облыстық фильмтрейлер конкурсы өткізілді.
Фильмтрейлер – бұл кез-келген фильм туралы көркем шолуды баяндайтын, әдетте ең керемет фильм үзінділерінен тұратын шағын бейне. Трейлерді монтаждау режиссерінің (трейлермейкердің) міндетіне роликтің құрылымын жасау, сюжетті құру, музыка мен кадрларды іріктеу, монтаждау, титрлер дизайны кіреді. Мұндай роликтердің мақсаты- қызықты фильмдерді насихаттау, кинофильмдегі трейлерлерге тән визуалды құралдардың көмегімен ұсынылған фильмге назар аудару. Әдетте, фильмтрейлердің ұзақтығы 2 минуттан аспайды. Мұндай бейнелер қазіргі заманда барлық фильмдерге жариялауға және жарнамалық мақсатта түсіріледі. Көптеген фильмтрейлерлер танымал видео хостингтерге қойылады, бұл олардың интернетте белсенді таралуына ықпал етеді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері: «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасынан «Линии жизни», «Болашаққа бастар жол» деректі фильмдерін көруге қызықтыру және шығармашылық жұмыстар жасау арқылы оқушылар арасында деректі фильмді түсініп қарауға насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, білім алушылардың бос уақытты тиімді өткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
Облыстық фильмтрейлер конкурсына 15 оқушы қатысып, 6 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері:
•Сандыбекова Гүлфайруз- Шиелі ауданы, №156 мектептің 6 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Бақытғани Алихан- Қазалы ауданы, №249 мектептің 10 сынып оқушысы;
•Сандыбекова Азат- Шиелі ауданы, №156 мектептің 10 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Байұзақова Назерке, Бибітов Еркін- Қармақшы ауданы, №28 мектептің 10 сынып оқушысы;
•Сәбитұлы Жалаладин – Жалағаш ауданы, №123 мектептің 8 сынып оқушысы;
•Болатбеков Нұржас- Қармақшы ауданы, №274 мектептің 8 сынып оқушысы.