Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінің қорытындысы

2020 жылдың 30 қараша – 3 желтоқсан аралығында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы ғылыми жобалар конкурсының республикалық қорытынды кезеңі өткізілді.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының негізгі мақсаты мен міндеттері орта ғасырдың атақты ойшылы, ұлы ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің қызметін зерттеуге жас ұрпақтың қызығушылығын ояту, жасөспірімдер арасында ғылыми білімді және интеллектуалды-шығармашылық қызметті танымал ету, оқырманның ой-өрісін кеңейту, шығармашылық, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Қорытынды кезеңге Қызылорда облысы бойынша 14 оқушы физика, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, информатика, биология, химия және қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы бағыттары бойынша бақ сынасып, 5 оқушы жүлделі орындарды иеленді.
ІІ орын иегері:
Қасиет Шамшат – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып

ІІІ орын иегері:
Сұлтан Абзал – Қызылорда, №4 ОДМИ, 8 сынып
Майрам Жібек – Қызылорда, №4 ОДМИ, 8 сынып
Ғабитұлы Ерзат – Арал, №2 ОДМИ, 9 сынып
Нағидулла Райымбек – Арал ауданы, №83 мектеп, 11 сынып

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздарды, ата-аналарын, мектеп ұжымын шын жүректен құттықтай отырып,алдағы уақытта өткізілетін түрлі байқауларда шығармашылық табыс тілейміз!