Шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы


Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 8 желтоқсан күні қашықтан ZOOM платформасында шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық–эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады.
«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі 6 номинацияны қамтыды:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы.
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы
3. «Эссе жазу» номинациясында
4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы
5. «Ақындар айтысы» номинациясында
6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы
Облыстық кезеңге 35-ке жуық оқушы қатысып, төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша:
І орын. Ғаниев Мұқағали, Қармақшы ауданы, №30 мектеп, 10 сынып
ІІ орын. Үргенішбаева Нұрлыайым, Арал, №2 ОДМИ, 8 сынып
ІІІ орын. Аймұратқызы Құралай, Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 11 сынып

«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша:
І орын. Шуақбай Ақжол, Қазалы ауданы, №249 мектеп, 11 сынып
ІІ орын. Сағынтай Ұлту, Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 11 сынып
ІІІ орын. Мәлібек Ақерке, Қызылорда, №101 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын. Жорабек Эльмира, Қызылорда, №4 ОДМИ, 9 сынып

«Эссе жазу» номинациясы бойынша:
І орын. Нақыпбекқызы Нұрила, Қармақшы ауданы, №185 мектеп, 11 сынып
ІІ орын. Күнтөреева Еңлік, Қызылорда, №10 БИЛ, 10 сынып
ІІІ орын. Молдабекқызы Қарақат, Жалағаш ауданы, №118 мектеп, 9 сынып

«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша:
І орын. Қолғанатов Ардақ, Қармақшы ауданы, №275 мектеп, 8 сынып
ІІ орын. Қалмағанбетов Дулат, Қызылорда, №264 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын. Жамалбекқызы Ақмоншақ, Жалағаш ауданы, №201мектеп, 8 сынып

«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша:
І орын. Төлеген Айқын, Шиелі ауданы, №45 мектеп, 10 сынып

«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша:
І орын. Піржан Сандыбай, Қызылорда, «Мұрагер», 10 сынып
ІІ орын. Смайылұлы Бекқанат, Қармақшы ауданы, №29 мектеп, 9 сынып
ІІІ орын. Бердібаева Нуризат, Қызылорда, №211 мектеп, 9 сынып
ІІІ орын. Айтбай Дамир, Жалағаш ауданы, №31 мектеп, 11 сынып