Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамалары аясында Г.Н.Әбдіхалықованың қатысуымен өткізілетін «Ел Үміті» және «Қамқорлық» «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумының өткізілуі туралы қорытынды ақпарат


14 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-жастар форумын ұйымдастырып, салтанатты іс-шара бір мезгілде Қазақстанның барлық аймақтарында өткізілді. Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 14 желтоқсаны күні облыс әкімінің қатысуымен атап өтілді.
«Ел Үміті» – елдің талантты балалары мен жастарын анықтауға және қолдауға, кәсіби мамандарды дамытуға бағытталған игі бастама.
«Елбасы медалі» – Елбасының бақылауымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын көздейді: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар үш деңгейді таңдай алады: қола, күміс немесе алтын, олар 6 айдан 18 айға дейін әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауды көздейді. Қызылорда облысы бойынша 694 қатысушы тіркелді.
(Қазіргі таңда барлығы 446 қатысушы, оның ішінде 346 қола деңгей,51 күміс және 49 алтын. Қызылорда қаласынан-265. Арал -34, Қазалы-22,Шиелі-13,Сырдария-42,Қармақшы-52,Жалағаш-15,Жаңақорған-3).
Нәтижесінде 346 қатысушыдан 62 қатысушы қола медальға ие болды. Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Төлепберген Елдос Астана қаласында Елбасы қолынан медаль алса,10-ы Қызылорда облысы әкімінің салтанатты құттықтауына қатысуда.
Ел тарихындағы ауыл оқушыларына арналған алғашқы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылдағы ең ірі жобаларының бірі. Жоба тек 5 және 6 сыныптардың ауыл оқушылары арасында жүзеге асырылады. Қызылорда облысы бойынша олимпиада аясында 225 ауыл мектебінің 18425 оқушысы (оның ішінде 5-кл-9371,6-кл-9054 оқушы) қамтылды. Нәтижесінде 301 оқушы (5-сынып -150, 6-сынып -151) олимпиаданың екінші кезеңіне жіберіліп, 75 жеңімпаз іріктелді. Қазіргі уақытта финалистер мен жеңімпаздар дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде 23-і (РФММ-4, БИЛ-7, №4 ДАРЫН-12 ) оқуын жалғастыруда және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде пәндік дайындықтан өтуде.
Кездесуде облыс әкімі Г.Н.Әбдіхалықова мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға арнап ізгі тілегін білдіріп, «Елбасы медалінің» қола жүлдесімен 10 қатысушыны марапаттап, «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының 4 жеңімпазына ноутбуктар сыйға тартылды. Сондай-ақ, облыс әкімімен қатар, барлық аудан әкімдерімен қала әкімі «Мың бала» олимпиадасының 71 жеңімпаздарын марапаттап, ноутбуктар сыйға берілді.
Кездесу соңында оқушылар облыс әкіміне алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

 

Translate/Перевести/Аудару