9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін ІІІ «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 қаңтар күні қашықтан ZOOM платформасы арқылы 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін ІІІ «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі максаты мен міндеттері:
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімдеу; Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру; Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.
Облыстық кезеңге 24 оқушы қатысып, нәтижесінде төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарына ие болып, 6 оқушы республикалық кезеңге ұсынылды.

I Дәрежелі диплом иегерлері:
Қуантқан Камила – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 11 сынып;
Баймырзаева Диана – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып;
Сағындықова Әдия – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 9 сынып;

II Дәрежелі диплом иегерлері:
Арысбекова Нұрай – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 11 сынып;
Аннасова Алия – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 10 сынып;
Жорабек Эльмира – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 9 сынып;

III Дәрежелі диплом иегерлері:
Теңізбаева Асылзат – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 11 сынып;
Нұрадинова Нұризат – Арал ауданы, №262 мектеп, 10 сынып;
Пазылова Әсел – Қармақшы ауданы, №99 мектеп, 9 сынып;

Translate/Перевести/Аудару