Республикалық ІІІ «Абайтану» олимпиадасының қорытынды кезеңі

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!
СЫР ЕЛІНІҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ ДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ!
Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетінен тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24 қаңтар күні қашықтан ІІІ «Абайтану» олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиада 2 айналымнан тұрады.
1 айналым – қатысушы Абай қарасөздерінің поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне 3 сағат ішінде эссе жазады;
2 айналым – ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырмаларға жауап береді.
Қорытынды кезеңге Қызылорда облысынан 9-11 сыныптар бойынша 9 оқушы қатысып, 6 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі жүлделі орындарға және 3 оқушы «Алғыс хатқа» ие болды.
І дәрежелі диплом және РОУТЕР МОДЕМ иегері:
-Арысбекова Нұрай – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 11 сынып;
ІІ дәрежелі диплом және СМАРТ САҒАТ иегері:
-Маханбетжанов Ернұр – Қызылорда қаласы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарында балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп;
ІІІ дәрежелі диплом және СЫМСЫЗ ҚҰЛАҚҚАП иегерлері:
-Сағындықова Әдия – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 9 сынып;
-Жорабек Эльмира – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 9 сынып;
-Баймырзаева Диана – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып;
-Абжилова Айбибі – Қызылорда қаласы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарында балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп;
«Алғыс хат» иегерлері:
-Аннасова Алия – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 10 сынып;
-Қуантқан Камила – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 11 сынып;
-Сағди Бақыт – Қызылорда қаласы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарында балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп;
Барлық қатысушыларды, мектеп-ұжымын, ата-аналарын шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!
Денсаулықты сақтап, мамыражай, шуақты күндерде қауышуды тілейміз!