«Мың алғыс саған, туған жер!» тақырыбындағы облыстық бейнеролик конкурсының қорытындысы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мың алғыс саған, туған жер!» тақырыбындағы қашықтан облыстық бейнеролик конкурсының
АНЫҚТАМАСЫ

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мың алғыс саған, туған жер!» атты тақырыпта қашықтан а.ж 25 ақпаны күні облыстық бейнеролик конкурсы өткізілді.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері
-Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге, тәуелсіздігімізді қадірлей білуге баулу;
-Туған жерге деген мақтаныш сезімін оятуға, туған жерінің асылын көрсетуге, киелі туған жердің тарихын білуге шақыру;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, жастарды медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

Байқауға 12 студент қатысып, 4 студент облыстық білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегері:
Қалиева Раушан-М.Мәмбетова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледінің ІІІ курс студенті

ІІ дәрежелі диплом иегері:
Жұбатқанова Анель-Арал индустриалды-техникалық колледжінің ІІІ курс студенті

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Амангелді Асхат-Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің ІІІ курс студенті
Жали А-Қазалы көлік-техникалық колледжінің студенті